Accessibility links

Славянскідегі дауыс беру


Славянскідегі дауыс беру
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:24 0:00

Славянск маңында түнде атыс болғанына қарамастан, таңертеңнен тұрғындар сайлау учаскелеріне келді. Қала көшелерінде автокөлік дөңгелектері, ескі техника мен құлатылған ағаштардан орнатылған баррикадалар бұрынғысынша тұр. Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов кеше «өзін өзі басқару жайлы референдум» өткізу «тұңғиыққа тартар жол» деп атап, бұндай қадам елдің жалпыұлттық ішкі өнімінің 16 пайыздық үлесін беретін аймақтың экономикасын күйретуі мүмкін деп мәлімдеген. Киев пен Батыс мемлекеттері Украинаның шығысындағы жағдайды ушықтырып, сепаратистерге дем беріп отыр деп Мәскеуді айыптайды. Ресей бұл айыптарды мойындамайды. Киев пен Батыс елдері «аймақ мәртебесі туралы референдумды» заңсыз деп санайды. 11 мамыр 2014 жыл.

XS
SM
MD
LG