Accessibility links

Польшаның Алматыдағы жеті күні

1795-1918 жылдар аралығында кейбір тарихи оқиғалардың салдарынан Польша өзінің дербес мемлекеттігінен айрылып қалды. Польша жері Ресей, Пруссия Австрия және Герман империясы, Австро-Венгрия аумағында қалып қойды. Биыл Польшаның өз тәуелсіздігіне қайтара ие болғанына 100 жыл толады. Польшаның тәуелсіздігі 11 қарашада аталып өтіледі. Осыған орай Алматыда 24 сәуір - 1 мамыр аралығында Польша апталығы өтіп жатыр. Оған Польшадан 50 адам келіп қатысып отыр. Апталық аясына Польша тарихының көрмесі, Польша және Қазақстан ғалымдарының кездесуі, Рим-католик шіркеуінде дұға оқу, Польша салған спорт алаңдарын ашу, поляк фольклорлық ансамблінің концерті, поляк аспаздарының шеберлік сабақтары және Польша фильмдерін көрсету қамтылған.

Кейбір өткізілген шараларды Азаттықтың фоторепортажынан да тамашалай аласыздар.

XS
SM
MD
LG