Accessibility links

«Көкжайлаудың» дауы әлемдік деңгейге шықты


Көкжайлау. Алматы маңы, 20 шілде 2012 жыл.

Көкжайлау. Алматы маңы, 20 шілде 2012 жыл.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу туралы жоба халықаралық деңгейде талқылана бастады. Алматы маңындағы табиғи аймақты қорғаушылар Орхус комитетіне шағымданды.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортының жобасын талқылау туралы 2012 жылы басталған қызу пікірталас халықаралық деңгейге көтерілді. Алматы белсенділерінің ерекше қорғауға алынған табиғи аймақта курорт салуға қарсы наразылығы олардың ашық хаты интернетте жарияланған соң, 2012 жылдың басында белгілі болды. Хатқа қол қойған келіспеушілердің арасында Іле Алатауын жақсы білетін шетелдік азаматтар да бар.

Қазақстан президенті мен бірқатар министрлікке Іле Алатау ұлттық бағында тау шаңғысы курорты құрылысынан бас тартуға шақырған Неміс табиғатты қорғау одағы да «Көкжайлауды» қорғаушыларды жақтады. Биыл мамыр айында осы одақтың құрметті президенті, 72 жастағы профессор Михаэль Зукков Көкжайлауға жаяу көтеріліп, көрікті жерді алғаш көріп, Іле Алатау ұлттық бағы экологиялық туризм үшін пайдаланылмайтынына, ал қала билігі бұл орынды тау шаңғысы курортына айналдыруды жоспарлап отырғанына қайран қалып еді.

«Көкжайлау» жобасымен байланысты халықаралық құқықты бұзу туралы ақпаратпен БҰҰ комитеттерінің бірі таныса бастады.

БҰҰ-ҒА ШАҒЫМДАНУ

Алматылық 12 тұрғын Іле Алатауы бөктеріндегі табиғи аймақта «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты құрылысы жөніндегі жобаға байланысты БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Орхус конвенциясын орындау жөніндегі Көкжайлауда курорт салуға қарсылар. Алматы, 11 қаңтар 2013 жыл.

Көкжайлауда курорт салуға қарсылар. Алматы, 11 қаңтар 2013 жыл.

комитетіне арыз жолдады. Орхус конвенциясы адам денсаулығы мен игілігіне жайлы қоршаған ортаға деген құқығын қорғауға, ақпарат ала алуын, жұртшылықтың шешім қабылдау процесіне қатысу және қоршаған ортаға қатысты мәселелер жөніндегі әділ төрелікке қол жеткізу құқығын қорғауды көздейді. Қазақстан Орхус конфенциясына 2000 жылы қосылған.

Өзекті мәселеге бейжай қарамаған алматылықтар хатта «Көкжайлау» жобасы бойынша шешім қабылдау процесіне қалалықтардың қатысу құқығы бұзылғаны туралы жазады. Олар конвенцияның «қоршаған ортаға байланысты жоспар, бағдарлама, саясатқа қатысты мәселелерді шешуде жұртшылық қатысуы» тиіс деген 7-бабына сілтеме жасайды.

Үндеу-хат 2013 жылдың 31 мамырында жолданды. Комитеттің 41-мәжілісінде (25-28 маусым) арыз қарауға талқылауға қабылданды. Орхус конвенциясын орындау жөніндегі комитет 26 шілде күні арызданушылардың, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігіне және басқа да халықаралық ұйымдарға тиісті құжаттарды жіберді.

«ЖОБА БЫЛЫҚҚА ТОЛЫ»

Сергей Соляник – Орхус конвенциясын орындау жөніндегі комитетке жолданған арызға қол қойғандардың бірі. Оның айтуынша, Орхус конвенциясының Сергей Соляник, Алматы тұрғыны.

Сергей Соляник, Алматы тұрғыны.

талаптары «Көкжайлау» тау шаңғысы курортын салу үшін орын таңдау кезеңінде бұзылған. Бұл шешім жұртшылықтың талқысына салмай қабылданды.

– Қала жұрты Көкжайлауды тау шаңғысы курортын салуға лайықты орын емес деп есептейді. Алайда мемлекеттік органдар тау шаңғысы курортын дамыту жоспарын бекіткен кезде оны жұртшылықпен талқыламады. Міне, осы жағдай шын мәнінде Алматы билігі қоздырған әлеуметтің-экологиялық жанжал тудырды, – дейді ол.

«Зеленое спасение» экологиялық қоғамының жетекшісі Сергей Куратов қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құжатынан үзінді оқып берді. Орхус конвенциясына қатысушы тараптардың бесінші мәжілісіне арналған ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында пайда болған бұл құжатта «...негізгі шешім мемлекеттік стратегиялық жоспарлау кезеңінде, яғни мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуден көп бұрын қабылданады» деп жазылған.

Сергей Куратовтың пікірінше, бұл Орхус конвенциясының талаптары мен ұстанымдарына қайшы.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортының қоршаған ортаға әсерін алдын ала Көкжайлау. Қызыл сызық - курорт қалашығы салынуы мүмкін аумақ. 9 желтоқсан 2012 жыл.

Көкжайлау. Қызыл сызық - курорт қалашығы салынуы мүмкін аумақ. 9 желтоқсан 2012 жыл.

бағалау жөніндегі 2013 жылдың 11 қаңтарында өткен қоғамдық тыңдауды Сергей Куратов «Орхус конвенциясына 100 пайыз сәйес келмейді» деп сипаттайды.

Кейін үкіметтік емес ұйым күшімен қоршаған орта қорғау министрлігінің қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы ережелері өңделіп, күшіне енді.

– Жыл басындағы жағдайға қарағанда, енді жұртшылықтың мәселелерді талқылауға қатысу мүмкіндігі біршама артты. Ал министрлік әлгі ережелер Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес келмейтінін іс жүзінде мойындады, – дейді Сергей Куратов.

«Көкжайлауды» қорғайық» қозғалысы тау шаңғысы курортының орнына экологиялық туризмді дамытуды ұсынады.

«Көкжайлау» жобасын әсіресе Алматының атқарушы билігі қолдап отыр. Алматы әкімдігінің туризмді дамыту басқармасының бастығы Бақытжан Жоламанов бұрын жобаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жұртшылықтың қатысуымен жүргізіледі деген еді. Алайда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін сұратқан «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысының белсенділері басқармадан мынадай жауап алған:
Орхус конвенциясында жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жариялау туралы талаптар жоқ екенін ескертеміз.

«Көкжайлау» жобасы бойынша техника-экономикалық негіздеме туралы ақпарат беру жөніндегі талапқа қатысты хабарлаймыз: Орхус конвенциясында жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін жариялау туралы талаптар жоқ екенін ескертеміз, ал басқарма сайтында «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің 30 беттік түйіндемесі жарияланған».

– Соттарда мұндай жауапты жиі кездестіреміз. Егер белгілі бір нысан Орхус конвенциясының талаптары бойынша қарастырылмай, ұлттық заңдарда қарастырылса, конвенцияның бүкіл ережелері осы нысанға қолданылуы тиіс. «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты техникалық-экономикалық негіздемесі ұлттық заңнама бойынша да, конвенцияның 4-бабы бойынша да қаралады. Олар техникалық-экономикалық негіздемені өздерінің сайттарына жариялауға міндетті емес те шығар. Бірақ егер біз сұратсақ, оны көрсетуі тиіс, – дейді Сергей Куратов.

ОРХУС КОМИТЕТІ ЕСКЕРТУІНІҢ КҮШІ

Орхус конвенциясына қатысушы тараптардың бесінші мәжілісі 2014 жылдың маусым айында өтеді. «Зеленое спасение» экологиялық қоғамының жетекшісі Зеленое спасение» экологиялық қоғамының жетекшісі Сергей Куратов. Алматы, 7 тамыз 2013 жыл.

Зеленое спасение» экологиялық қоғамының жетекшісі Сергей Куратов. Алматы, 7 тамыз 2013 жыл.

Сергей Куратовтың айтуынша, 2005 жылдан бастап Орхус конвенциясын бірнеше мәрте және жылдар бойы бұзғаны үшін Қазақстанға ескерту жасалуы мүмкін.

Орхус конвенциясының талаптарын орындамаған елге ескерту жасалады, елдің конвенцияға қатысуына шектеу қойылады, ақыры елді конвенциядан шығаруға дейін шара қолданылады.

– Бірақ Орхус конвенциясы – БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының конвенциясы. Қазақстан Еуропалық экономикалық қоғамдастықпен тығыз байланысты. Орхус конвенциясы – беделді ұйым, көптеген даму банктері мен халықаралық ұйымдар оның пікірін тыңдайды, – дейді Сергей Куратов.

Халықаралық қаржы институты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды бұзуға қалай қарайтынынын Алматы облысында электр желісін жүргізу құрылысына қатысты мысалдан көруге болады.

– Осыдан бірер жыл бұрын Алтынемел және Шарын ұлттық бақтары арқылы электр желісін жүргізбек болған. Біз, 85 ұйым, дүниежүзілік банкке тікелей шығып, шағымдандық. Қазақстанда ұлттық бақтар орналасқан аумақта құрылыс жүргізуге тыйым салынғанын білген соң банк әлгі жобаны тоқтатып тастады. Әлгі жобаны қайтадан жоспарлап, жаңа жоба бойынша қоғамдық тыңдалым өтпей келіссөздерді де тоқтатты. Ақыры бүкіл желі Алтынемел мен Шарын шатқалын айналып өтті, – дейді Сергей Куратов.

Енді бір белсенді Сергей Соляник бұрынғы советтік елдердің негізгі инвесторларының бірі Еуропалық қайта құру және даму банкін мысал ретінде келтірді. Бұл банк өз саясатында Орхус конвенциясын басшылыққа алып, белгілі бір елге қатысты шешім қабылдағанда бұл елде Орхус конвенциясы талаптары қаншалықты орындалатынана мән береді.

Олар тау шаңғысы курортын салуға қарсы белсенділерге қатысты шабуылдардың үдеген тұста табиғатты қорғау науқанының халықаралық деңгейге шығуын жеңіске балайды. Соңғы уақытта жергілікті баспасөзде белсенділерді қорқытып-үркітуге, қорлауға бағытталған мақалалар жариялана бастады.

Орхус конвенциясының 3-8 бабы бойынша табиғатты қорғаушы тұлғалар заң жүзінде қорғалады.

Алматы билігі Іле Алатауында жаңа курорт салу арқылы жылына бір миллионнан аса турист тартып, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деген уәж айтады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG