Accessibility links

Алматы орталығында шабуылға ұшыраған полицейді көтеріп бара жатқан адамдар. 18 шілде 2016 жыл.
Алматы орталығында шабуылға ұшыраған полицейді көтеріп бара жатқан адамдар. 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы атыстан кейінгі арнайы операция

Алматыда таңғы сағат 10:30 шамасында Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі алдында атыс болғаны хабарланды. 12:20-да Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Полиция азаматтардан не талап етілетіні жөнінде арнайы мәлімдеме таратты.

КАЗИНФОРМ агенттігі Алматыдағы атыстан жеті полицейдің ауруханаға түскенін, Алматы ІІД-сі полицейлер арасында қаза тапқандардың бар екенін хабарлады.

Қазақстан ішкі істер министрлігі Алматыда болған атыс жайлы ресми мәлімдеме таратты.

Онда "18 шілде күні сағат 11 шамасында Алматыдағы Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне кірмекші болған адам постта тұрған полицейді атып жаралап, оның автоматты қаруын иемденіп, кетіп қалған. Қылмыскердің ізін кесу барысында полицияның "Буран" экипажының екі қызметкері жараланған. ​
Мұнан соң күдікті анықталып, «Қазақконцерт» маңында қарулы қарсылық көрсеткен кезінде жараланып, ұсталған. Аты-жөні анықталған. Оны ұстау кезінде екі полиция жараланған.
Өкінішке орай, қылмыскер бір бейбіт тұрғынның жеңіл көлігін тартып алмақ блоғанда, оны атып, тұрғын қаза тапты. Жараланған үш полицей ауруханада өмірден озды.

Ұсталған қылмыскер 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны, өткен демалыстарда әйел өлтіріп, күдікке ілінген.

Полиция қалада «Сирена» шұғыл жоспарын жариялап, қылмыскердің жанында болған тағы бір адамды ұстауға тырысып жатыр" деп жазған.

Сілтеме:

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news%09_normal/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%981

Тағы

XS
SM
MD
LG