Accessibility links

Баласының ас қорыту жүйесі ауыратын Астана тұрғыны Мәдина Жарылқапова мейірімді жандардың жәрдемінен үміт үзбейді. Целиакия дертіне шалдыққан баласының асқазаны глютен мен ақуызы бар тағамдарды қорыта алмайды, диета сақтамаса қызуы көтеріліп, құса береді, іші жүріп, жүдеп кетеді. Мәдинаға қатты бататыны – кейде баласының арнайы тағамдарын жеткізе алмай қалады. Жұрттың пәтерін тазалап тапқан табысы пәтерақы мен бала күтіміне жетпейді.

XS
SM
MD
LG