Accessibility links

Азаттық сайты Award.kz жүлдегері атанды

Азаттық радиосының azattyq.org cайты Аward.kz - 2015 ұлттық интернет жүлдесінің "Үздік қостілді сайт" номинациясы бойынша сыйлығын иеленді. Жыл сайын берілетін Award.kz ұлттық интернет байқауының биылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйлық 25 номинация бойынша белгіленген. Биылғы байқауға 700-ден астам өтініш түскен. Оның ішінде 684 өтініш қабылданып, байқауға қатысушылардың жұмыстары әртүрлі номинация бойынша бағаланған.

Азаттық радиосының сайты бұған дейін 2008 жылы Award.kz байқауының "Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт" және "Масс-медиа" номинациялары бойынша бірінші орынды жеңіп алған. Қазақстандағы үздік сайттарды анықтауды мақсат тұтатын Award.kz байқауы 1999 жылдан бері өткізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG