Accessibility links

Өзбекстандағы билік транзиті


Азаттық студиясында отырған сарапшы Дос Көшім мен журналист Қуанышбек Қари. Алматы, 5 қыркүйек 2016 жыл.

Азаттық студиясында отырған сарапшы Дос Көшім мен журналист Қуанышбек Қари. Алматы, 5 қыркүйек 2016 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Өзбекстандағы билік транзиті мәселесі талқыланды. Хабар қонағы сарапшы Дос Көшім болды.

Өзбекстанды үздіксіз 27 жыл басқарған президент Ислам Каримов тамыздың 27-і күні инсульт алып, ауруханаға түсті. Қыркүйектің 2-сі күні оның 79 жасқа қараған шағында қайтыс болғаны хабарланып, келесі күні туған жері Самарқанға жерленді. Елде үш күндік аза жарияланды. Бүгін, 5 қыркүйек күні марқұмның құрметіне Ташкентте үлкен ас беріледі.

Өзбекстан конституциясы бойынша президент билігін атқара алмаған жағдайда оның құзыреті үш айға ел парламентінің жоғарғы палатасының төрағасына беріледі. Қазір сенат спикері - Нигматилла Юлдашев. Ислам Каримов қайтыс болғанна кейін көңіл айту жеделхаттары да Юлдашевтің атына жолданған.

Ислам Каримовтің орнына келетін ықтимал президент ретінде мамандар қазіргі премьер-министр Шавкат Мирзияевті, вице-премьер Рустам Азимовты және ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятовты атайды.

Өзбекстанда билік транзиті қалай жүзеге асуы мүмкін? Оның Орталық Азия елдеріне әсері қандай? AzattyqLIVE хабары бұл тақырыпты сарапшы Дос Көшіммен талқылады.

  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    Алматы бюросының бас редакторы. Азаттық радиосында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG