Accessibility links

Қазіргі қазақ киносында жаңа бағыт бар ма?


Қазақстандық кинорежиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» қысқаметражды фильмінен алынған скриншот.

Қазақстандық кинорежиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» қысқаметражды фильмінен алынған скриншот.

AzattyqLIVE қазақстандық кино өнеріндегі соңғы жаңалықтар мен халықаралық кино фестивальдерге ұсынылған фильмдерді талқылады. Хабар қонағы - Пусан кино фестивалінде бас жүлде алған «Өліара» қысқа метражды фильмінің авторы, кинорежиссер Елзат Ескендір.

Халықаралық Пусан кинофестивалі 1996 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында орналасқан «Пусан кино орталығында» өтетін бұл байқау Азиядағы ең ірі кинофестиваль саналады. Кейбір сарапшылар оны «Азия Оскары» деп те атайды. Байқауға негізінен жас режиссерлердің жұмыстары қатысады.

Қазақстандық кинорежиссер – Елзат Ескендірдің «Өліара» қысқаметражды фильмі Пусан кинобайқауынан бас жүлде алған тұңғыш қазақстандық қысқаметражды фильм. «Өліара» - Оралхан Бөкейдің осы аттас хикаятының желісімен түсірілген. Сценарий авторы - Өміржан Әбдіхалық, продюсері - Сергей Әзімов. Фильмде қойлы ауылдағы шағын отбасының тағдыры суреттеледі.

Қазіргі қазақстандық кино төңірегіндегі ең басты мәселелер қандай? Жас режиссерлердің шығармашылық тұрғыда дамуына жағдай жасалған ба, бәсеке бар ма? «Мемлекеттік тапсырыспен» кино түсіру жаңа бастаған режиссерге қалай ықпал етуі мүмкін? Соңғы кезде жиі аталып жүрген «партизандық кино» деген не? Шетелдік байқаудан жүлде алу – кинода даңғыл жол аша ма? Кинорежиссер Елзат Ескендір осы және өзге де сауалдарға жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG