Accessibility links

"Астана ЕХРО" мен қырғыздың "Көшпенділер ойынын" салыстыру


Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Қырғызстан, 9 қыркүйек 2016 жыл. (Көрнекі сурет)
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Қырғызстан, 9 қыркүйек 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Саяси ғылымдар кандидаты, Орталық Азия елдерінің әлеуметтік даму саясатын зерттеуші Әсел Мурзакулованың "Астана ЕХРО" көрмесі мен дүниежүзілік көшпенділер ойынынан алған әсерлері жайлы блогы.

Қыркүйектің 10-ы күні Қазақстан астанасында қазақстандық қоғамда көп талқыланған оқиға - "Болашақ энергиясы" тақырыбы бойынша өткен "Астана ЕХРО-2017"көрмесі аяқталды. Ал бір жыл бұрын Қырғызстанда біреулер қолдап, енді біреулер сынап, қырғызстандық қоғамның қарама-қарсы бағасын алған дүниежүзілік көшпенділер ойыны өткен болатын. Бірақ құны жағынан да, көздеген мақсаты жағынан да салыстыруға келмейтін осы екі шарадан алған әсер ұқсас болды.

«БАР ЕКЕНІМІЗДІ КӨРСІН»

Екі елдің билігі үшін бұл шаралар халықаралық аренада өзін таныту мүмкіндігіне айналды. ЕХРО көрмесі Қазақстан атауындағы "стан" жалғауынан гөрі "еуро" қосымшасын жалғауға көбірек лайық ел екенін көрсеткісі келетін дискурстың жалғасы болды. Ал Қырғызстан үшін көшпенділер ойыны - "Манас-1000", "Ош-3000", Тау саммиті сияқты имидждік бастамалардың бірі.

ВИДЕО: Көшпенділер ойыны (көрнекі видео)

Көшпенділер ойыны
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

Ауқымды шараларды Қазақстан мен Қырғызстанда өткізуге әуестікті биліктің легитимділігін арттыруға арналған акциялары ретінде есептеуге болады. Қырғызстан үшін мұндай деңгейдегі шаралардың бәрі әдеттегідей ел экономикасындағы жағдай мүшкіл болып жатқанда ұйымдастырылады. Бірақ қоғамның кей топтары мұндай бастамаларды қоғам бірлігін нығайтуға ұмтылыс ретінде санайды – пікір қисыны оны кімнің айтқанына байланысты болатыны да белгілі.

Бұл шаралардың екеуі де биліктің өзін көрсетуді көздеген әріхалықаралық қауымға арналған жобасы болды, бірақ елдің өз ішінде де үлкен әсер қалдырды.

МАШЫҚТАНА БАСТАДЫҚ ПА?

Мен көшпенділер ойынының бір аптаға созылған бағдарламасының ортасындағы үш күнін көрдім. Ал ЕХРО-ны көрме жабылуға бір апта қалғанда екі күн араладым.

Көшпенділер ойынында қырғызстандықтар мен туристердің пайыздық қатынасы 60:40 болды, көкпарға қатысқан командалардың бірін қолдау үшін Жаңа Зеландия мен Лейлектен келген жанкүйер жастарды жолықтырғаным қызық болды. ЕХРО-да қазақстандықтар мен туристердың пайыздық қатынасы шамамен 90:10 болды, бірақ президент Назарбаевтың алақанының бедері бар "Бәйтерек" кешеніне ұзын-сонар кезекте қазақстандық орыстар, кәрістер, ұйғырлардың тұрғанын көріп қайран қалдым. Жұрт билет сатып алып, ұзақ-сонар кезек күтіп тұрғанын елестете аласыз ба? №1 тұлғаға жақынырақ болу үшін, сірә. Ал Қырғызстанда мұндайды елестету қиын. Мұны құрмет белгісі һәм үлкен іске ортақтастық немесе "зомбижәшіктің" (телевизорды айтады – ред.) ықпалы деп ойлауға болатын шығар. Бірақ "Астана ЕХРО" көрмесі Қазақстан билігі үнемі жарнамалайтын этносаралық бірлікпен үндес болғанын көрсетеді. Осы рухта безендірілген ұлттық павильон да түрлі құрлықта тұратын халықтар ойлап тапқан және Қазақстан күмбезі астында біріктірілген жаңалықтар мен технологиялар көрсетілген жиынтық образ.

ВИДЕО: ЭКСПО-дағы "Палмер дауы" (Азаттықтың орыс тіліндегі видеосы)

ЭКСПО-дағы "Палмер дауы"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:45 0:00

Қазақстанда да, Қырғызстанда да екі шараны барынша көп сынады. ЕХРО көрмесіне келушілермен әңгімелесіп, қазақстандық ТВ мен әлеуметтік желілерге көз жүгіртіп, қырғызстандық медиаконтентті шолып шыққаннан кейін осындай тұжырымға келдім.

Екі шара да коррупциялық жанжалдарға ұласты, бірақ меніңше, Қазақстандағы сын көбінесе "Астана ЭКСПО" елдің өзге бөліктерінің аясында үйлесімсіз көрінеді әрі Қазақстанда ұлғайып келе жатқан әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді дегенге саяды. Ал Қырғызстанда шығынын ақтамайтын көшпенділер ойынын өткізуге онсыз да тапшы бюджеттен ақша жұмсауды сынады.

Мен тағы бір парадоксты байқадым. Көшпенділер ойыны көбінесе ішкі көрерменге арналғанымен, шеттен келгендерге жағымды әсер қалдырды. Бұл үшін елге көшпенділер ойынынан кейін келген туристер санын бұрынғы көрсеткіштермен салыстырса жетіп жатыр. Ал "Астана ЭКСПО" көрмесі көбінесе шет аудиторияға арналды, бірақ елдің өзінде маңызды әсері - "Астана кеңістігі ұсынған образ нақты азаматтың мүддесіне қаншалықты сәйкес келеді?" деген пікірталасқа түрткі болды.

ПОСТСКРИПТУМ

Көшпенділер ойыны елде болған үлкен жанжалдар легінен кейін ұйымдастырылды, сондықтан егер туристер экзотика іздеп келсе, жергілікті халық шараға экономикадағы қазіргі жағдай мен елдегі саяси алауыздықтар тұсында жетіспей тұрған жеңістің, жетістіктің және бірліктің дәмін тату үшінбарды. Ал бұлардың бәріне ойын өткізумен ғана қол жетпейтіні әрине белгілі.

"Астана ЕХРО" көрмесінен керемет әсер алдым, бұл жаңалық ойлап табуға шабыттандыратын, сан алуан техникалық мүмкіндіктермен танысуға болатын, бұған қоса Виктор Паленныйдың дәрістерін ұйымдастырған орын болды. Бірақ «болашақ аралынан» кетіп бара жатып және Шу станциясына жеткенде "сол болашаққа кім жетеді?" деген ойға қаласың.

ВИДЕО: EXPO-2017 қалай өтті? (көрнекі видео)

EXPO-2017 қалай өтті?
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

Бұл екі шараға және жалпы биліктің бастамасымен ауқымды шаралар өткізу идеясына қилы көзқараспен қарауға болатын шығар, бірақ екеуі де бақылауға көнбейтін пікірталас тудырып, ұйымдастырушылардың өздері де күтпеген қырынан қоғамдық пікірді қалыптастыруға үлкен түрткі болғаны даусыз.

Асель Мурзакулованың блогы орыс тілінен аударылды.

Ескерту: блог авторының көзқарасы редакция ұстанымын білдірмейді.

XS
SM
MD
LG