Accessibility links

Әлеуметтік желілер мен блогосфераны қалай пайдаланып жүрсіз?


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазанның 27-і күні 14.00-21.00 арасында Азаттықтың Форумханасы қазақстандықтар интернет-технологияны қаншалықты меңгерді, әлеуметтік желілерді қандай мақсатта пайдаланып жүр деген тақырып бойынша өтті.


Бұл тұрғыда блоггерлердің қоғамдағы ықпалы қандай деген сауалға да жауап іздедік. Форум қонақтары төмендегі сұрақтарға қатысты ой-пікірлерін айтып жатты.

1. Күнделікті ақпаратты, соңғы жаңалықтарды қай жерден аласыз?

2. Қазақстандық блогшылардың қатары күн санап қалыңдап келеді. Олардың көтеріп жатқан мәселелері қаншалықты қызықты?

3. Қандай әлеуметтік желіні тәуір көресіз, оның басқалардан айырмашылығы неде?

4. Қазіргі интернет технологияның мүмкіндіктерін толық пайдалана алып жатырсыз ба?

5. Әлеуметтік желілер арқылы қоғам үшін өзекті мәселелерді көтеруге тырысып көрдіңіз бе? Қандай нәтижеге қол жеткізе алдыңыз?
XS
SM
MD
LG