Accessibility links

Саяси маусымның қорытындысы


Саясаттанушы Досым Сәтбаев. Алматы, 30 маусым 2016 жыл.

Саясаттанушы Досым Сәтбаев. Алматы, 30 маусым 2016 жыл.

Парламент каникулына орай AzattyqLIVE қазақ билігінің биылғы жеңістері мен жеңілістерін талқылады. Хабар қонағы Досым Сәтбаев болды.

Маусым айында әдеттегідей парламент сессиясы аяқталады. Билік өкілдерінің көбі қыркүйекке дейін жазғы демалысқа кетеді.

Бірақ әр жылы парламент саяси оқиғаларға қарай демалысқа кешігіп немесе ерте кетіп жүр. Мәселен, 2015 жылы парламент тиісті заңдарды қабылдап үлгеру үшін шілденің 15-іне дейін жұмыс істесе, 2014 жылы сол кездегі мәжіліс спикері Қабибулла Жақыпов депутаттарды Астана күні - шілденің 6-сына (Назарбаевтың туған күні) дейін жұмыс істеуге шақырған. Қалай болғанда да шілде-тамыз айларында парламент каникулға кетіп, елдегі саяси өмір саябыр тартады.

Билік өкілдері демалысқа қандай көңіл-күймен кетеді? Өткен саяси маусымды жемісті болды деп айта аламыз ба? Биліктің қандай қадамдары сәтті, қандай әрекеттері сәтсіз болды? «Панамагейт», Ақтөбедегі шабуылдар, өткен парламент сайлауы, биліктегі ауыс-түйістер болашақ саяси маусымға қалай есер етеді? AzattyqLIVE сауалдарына саясаттанушы Досым Сәтбаев жауап берді.

XS
SM
MD
LG