Accessibility links

Бірнеше әйел мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын «жыныстық бопсалау жасады» деп айыптап, бұдан соң министрдің «ар-намысын қорғау үшін сотқа жүгінетіні» хабарланды. AzattyqLIVE бұл тақырыпты құқық қорғаушы Маржан Аспандиаровамен талқылады.

Қазақстан қылмыстық кодексінде «сексуалдық бопсалау» немесе «сексуалдық тиісу», «жыныстық мәжбүрлеу» сияқты түсініктер жоқ. Бұл бағыттағы қылмыстық жауапкершілік «зорлау» немесе «зорлауға әрекеттену» сияқты баптармен қарастырылады. Қазақстандық кейбір заңгерлер қызметін не лауазымын пайдаланып өзге азаматтарға сексуалдық тұрғыда тиісу әрекеттеріне де қылмыстық жаза қарастырылуы қажет деп есептейді.

Сексуалдық бопсалау, жыныстық тиісу әрекетіне қандай жаза болуы қажет? Оған қылмыстық әрекет ретінде қарау керек пе, азаматтық құқық бұзушылық деп санау керек пе? Азаматтар жұмысқа орналасу, оқуға түсу немесе өзге де жағдайларда осындай бопсалауға қаншалықты жиі ұшырайды? Оларға құқықтық және психологиялық жәрдем жасала ма? Қызметін пайдаланып сексуалдық бопса жасаған тұлғаларға қоғам реакциясы қандай?

AzattyqLIVE хабарында осы және өзге де сауалдарға құқық қорғаушы Маржан Аспандиарова жауап берді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG