Киевте "Еуромайдан" қаһармандарын еске алды
Киевте 2014 жылы орталық алаңдағы (Майдан) наразылық акциялары кезінде құрбан болғандарды еске алды. Шеруге қатысушылар үш жыл бұрын билік күштерімен қақтығыста мерт болып, кейін «Небесная сотня» аталып кеткен қаһармандар мен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен қарулы жанжал аймағында қаза тапқандарға дұға бағыштап, гүл қойды.