Accessibility links

Клинтон әлде Трамп: Қазақстанға кім жеңгені тиімді?


US Democratic presidential nominee Hillary Clinton in Tempe, Arizona, on November 2, 2016 and US Republican Presidential nominee Donald Trump in Warren, Michigan on October 31, 2016.

US Democratic presidential nominee Hillary Clinton in Tempe, Arizona, on November 2, 2016 and US Republican Presidential nominee Donald Trump in Warren, Michigan on October 31, 2016.

Қарашаның 8-і күні АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Осы сайлау қорытындысы бойынша АҚШ президенті Хиллари Клинтон немесе Дональд Трамп болады.

Бірақ БАҚ Трампты да, Клинтонды да Қазақстанға қатысы бар даулар бойынша айыптайды. Мәселен, Financial Times басылымы «Трамптың қазақстандық «лас ақшаға» қатысы» деген мақала басып, онда газет журналистері АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың Қазақстаннан да жымқырылған «лас ақшаны» заңдастырумен айналысатын халықаралық желімен байланысы болуы мүмкін деген болжам жасаған. Мақалада Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың есімі аталған.

Оқи отырыңыз: АҚШ-та кейбір мұсылмандар кімге дауыс берерін білмейді

Ал New York Times басылымы Хиллари Клинтонды Ресейдің АҚШ пен Канадаға уран кеніштерін сатуына қатысты жасаған келісім-шарттарына араласқан деп айыптайды. Бұл ақпаратта Uranium One компаниясы аталады. Компанияның Қазақстанда да уран кеніштері бар.

АҚШ президенті сайлауының қорытындысы бұл елдің Қазақстанға және Орталық Азияға қатысты сыртқы саясатына қалай әсер етуі мүмкін? АҚШ туралы Қазақстан азаматтары не ойлайды?

Осы және басқа да сауалдарға AzattyqLIVE хабарында саяси сарапшы Досым Сәтпаев жауап берді.

XS
SM
MD
LG