Accessibility links

Жастар қазақ телеарналарындағы бағдарламалар турасында пікір алмасады


Ақын Тоқтарәлі Таңжарық. Алматы, 25 қыркүйек 2010 жыл.
Ақын Тоқтарәлі Таңжарық. Алматы, 25 қыркүйек 2010 жыл.

Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның телеарналарында ойын-сауық бағдарламалары көбейіп келеді. Жастар клубының дәстүрлі сұхбат айдарының мейманы ақын Тоқтарәлі Таңжарық ойынша қазіргі уақытта ақындар мен қоғамның көзқарасы қабыспай отыр.



Қазақ көгілдір экрандарынан тек ойын-сауық хабарларын немесе шетелдік көбік сериалдарды қарауға қалайсыз деген сауалға Жастар Азаттықта клубының қонақтары жауап береді.

Жастар клубының дәстүрлі сұхбат айдарында ақын Тоқтарәлі Таңжарық әдебиет пен қоғамдық мәселелерге қатысты пікірлерін ортаға салады. Ақынның ойынша қазіргі уақытта ақындар мен қоғамның көзқарасы қабыспай отыр. Оның ойынша, бәлкім, ұлы шығармалар жазылып қоюы мүмкін. Ақын оны қазір ешкім байқамағанымен, бірақ ол болашақтың рухани азығына айналуы мүмкін деп пайымдайды.

- Мысалы, журналистпін десең, белгілі дәрежеде қоғамға пайдаң тиіп жатқан адам екеніңді сезінесің. Немесе шахтада көмір қазып жүрген кенші де өзінің қоғамға пайдасы бар екенін қолмен ұстап, көзбен көреді де. Ал «ақындар не істеп жатыр?» сұрақ туады. Халық өзіне сондай сұрақ қоятын болса, онда «ештеңе істеп жатқан жоқ» деп айту мүмкін. Өйткені, рухани байлық ол көзге көрінетін, қолмен ұстайтын байлық емес қой. Ол болашақтың байлығы болуы мүмкін. Мысалы, жас ақын бүгін мықты бір поэма жазса, оны бүгін елемеуі мүмкін. Бірақ оның болашақта халықтың руханиятына қосатын үлкен пайдасы болуы мүмкін. Мысалы, Израиль Кафканың бүкіл шығармаларын өзінің мемлекеттік қамқорлығына алды. Яғни, кезінде Кафканың ешкімге керек болмаған шығармалары бүгінгі таңда бір мемлекеттің байлығы саналып отыр, - деді Тоқтарәлі Таңжарық.

Әңгіме соңында Таңжарық ақын өлеңінен үзінді оқыған еді.
XS
SM
MD
LG