Accessibility links

Оппозиция жетекшісін қамаудың салдары қандай болмақ?


Қырғызстандағы «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев (сол жақта) пен ел президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстандағы «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев (сол жақта) пен ел президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстанда «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев қамалған соң ел президенті Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) қарсыластары күш біріктіре бастады.

Қараша айында Қырғызстанда президенттік сайлау өтеді. Конституция бойынша, қазіргі президент Атамбаев сайлауға түсе алмайды. Демек бұл Қырғызстанның 25 жылдық тарихындағы ең даулы президенттік сайлау болмақ.

Омурбек Текебаевтың ұсталуы оның партиясы мен басқа оппозициялық партиялардың Алмазбек Атамбаевқа және ҚСДП-ға қарсы саяси күресі осыған дейін екі президентті наразылық білдіріп, биліктен кетірген мемлекетте сайлау мәселесін тудырмақ.

Қырғызстанда не болды және неліктен бұлай болды? Орталық Азияның ең демократиялық елі атанып келген мемлекетінің жағдайы енді қалай болмақ?

Азаттықтың БАҚ-пен байланыс жөніндегі менеджері Мұхаммед Тахир бұл сауалды Орталық Азиядағы Америка университетінің халықаралық және салыстырмалы саясат кафедрасының доценті Медет Төлегенов пен зерттеуші әрі тәуелсіз журналист Рыскелді Сәткеге (Бішкек) қойды.

«САЯСИ БӘСЕКЕЛЕСТЕРДІҢ КҮРЕСІ»

Омурбек Текебаевты ақпанның 26-сы күні мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектің Манас халықаралық әуежайына келген жерінен ұстады. Сәткенің айтуынша, «президент пен оның айналасындағылардың «Ата Мекен» фракциясымен саяси күресі Текебаевтың қамалуына ықпал етті».

Омурбек Текебаев. Бішкек, 13 ақпан 2013 жыл.
Омурбек Текебаев. Бішкек, 13 ақпан 2013 жыл.

2010 жылдың сәуірінде бұрынғы президент Құрманбек Бакиев мәжбүрлі түрде биліктен кеткен соң оның орнына келген уақытша үкімет кезінде Текебаев пен Атамбаев одақтас болды. Былтыр жазда Атамбаев конституцияға өзгеріс енгізу үшін референдум өткізу туралы айтқанда бұл достықтың дәурені бітті. Референдум желтоқсанда өтіп, өзгерістер қабылданды. Текебаев авторларының бірі болған конституцияда 2020 жылға дейін өзгерістер енгізуге тыйым салынған еді.

«Ата Мекен» фракциясы президенттің ұсынысымен келіспеді, сондықтан референдум екеуінің алауыздығын күшейтті.

– Өткен жылдан бері олар бір-бірін айыптап келеді. «Ата Мекен» фракциясы президенттің ұсынысымен келіспеді, сондықтан референдум екеуінің алауыздығын күшейтті. Содан бері саяси бәсекелестік ушықты, – дейді Рыскелді Сәтке.

Медет Төлегеновтың пікірінше, «екі жақтың бір-бірін әшкерелеу соғысы конституциялық өзгерістерден соң тереңдеп кетті». Соңғы жарты жылда Текебаев пен Атамбаев бір-бірінің материалдық жағдайына қарсы айыптаулар айтумен болды.

Текебаев шетелден Қырғызстанға оралған еді. «Ата Мекен» өкілдерінің айтуынша, ол басқа елдермен қатар Кипрде болған, сол жақта қаңтардың соңында Манас әуежайына жақын жерге құлаған ұшақтың жүгі Атамбаевқа қатысты екенін растайтын құжаттарды жинаған.

Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 28 ақпан 2017 жыл.
Алмазбек Атамбаев. Бішкек, 28 ақпан 2017 жыл.

«БИЛІКТІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ»

Текебаевты ұстауға жақында жарияланған бейнебаян себеп болды. Онда ресейлік кәсіпкер Леонид Маевский 2010 жылдың соңында Қырғызстандағы ұялы байланыс желісінің ірі операторы MegaCom-нан үлес алу үшін Текебаевқа 1 миллион доллар бергенін айтады.

– Бұл адам жеті жыл бойы неге үнсіз жүрген деген сауал көпшілікті мазалайды, – дейді Медет Төлегенов.

Ол «Ата Мекен» фракциясының басқа мүшелері де қамалғанын ескертеді. Былтыр қарашада «Ата Мекеннің» үш өкілі MegaCom-ға қатысы бар оффшорлық компаниямен байланысты деп ұсталған.

– Мүмкін, Атамбаев билігін нығайту жолындағы күрестің екінші кезеңін бастаған болар. «Ата Жұрт» партиясын (бұрынғы президент Бакиевке қатысы бар партия) қылмыстық жауапкершілікке тартқанда осындай әдістер қолданып, заң қорғау мекемелерін пайдаланған еді, – дейді Медет Төлегенов

Бакиев биліктен қуылған соң орнына келгендер үкіметтің қарсыластары болатын. 2010 жылғы сайлау кезінде «Ата Жұрт» парламентте ең көп орын (28 орын) алды. Төлегенов «Ата Жұрт» құрамындағы парламент депутаттарының біразы «тұтқындалғанын және оларға қарсы қылмыстық іс қозғалғанын» айтты.

Ал Рыскелді Сәтке Текебаевтың қамалуы Қырғызстанда баяғыдай ашулы наразалық шерулерін тудыра қоймайды деді. Бірақ оппозицияның наразылығына қоса кедейлік, жемқорлық, жүздеген мың адамды еңбек мигранты болуға мәжбүрлеген жұмыссыздық сияқты көп жылғы мәселелер қосылуы мүмкін.

– Нарын облысында электр энергиясы бағасына қарсы наразылық ушығып тұр. Биыл қыс қатты болды, көпшілік электр бағасының қымбаттап кеткеніне шағымданды, – дейді Рыскелді Сәтке.

Халық 2009-2010 жылдары қыс кезінде коммуналдық қызметтер бағасын өсіргені үшін Бакиевтің үкіметіне қарсы шеруге шыққан еді. 2010 жылдың сәуірінде Бакиев биліктен кетті, бұл мәселе елеусіз қалды.

Қарашада болатын сайлауға дайындық Асқар Ақаев президент болған (1991-2005) кездегі сайлауға қатты ұқсайды. Ол кезде де оппозицияның көрнекті жетекшілері бірнеше ай бұрын қамалып, олардың партиясы сайлау кампаниясына толық араласа алмаған. Медет Төлегеновтің айтуынша, Атамбаевтың отставкаға кететіні және бұдан былай президент бола алмайтыны «Ата Мекен» партиясы мен Текебаевқа қатысты жағдайларға ықпал етеді.

– Президенттік лауазымнан кеткен соң өзін қауіпсіз сезіну үшін осындай дилеммаға барды, – дейді ол.

Медет Төлегенов алдағы айларға болжау жасаудың қиын екенін айтып, «биліктен кеткен президенттердің әрекетін болжау қиын, ол жағынан тәжірибеміз аз» деді ол.

Сарапшылар Қырғызстанның қазіргі жағдайы мен бұрынғы дағдарыстар кезіндегі хал-ахуалын да салыстырды.

Брюс Панниердің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG