Accessibility links

Плакаттарда қалған совет дәуірінің бейнесі

Алматыдағы жарнама агенттіктерінің бірінің арт-директоры әрі фотографы Борис Брульдің советтік кезеңдегі плакаттарды жинап жүргеніне жиырма жылдан асқан. Мұндай әуестік ол Санкт-Петербургте оқып жүрген кезде пайда болған. Қазір оның коллекциясында жүз елу плакат бар. Олардың көпшілігі жақында Қазақстан суретшілер одағының «Ұлар» галереясына көрмеге қойылды.

Алматыда тамыздың 12-і күні «Соц.плакат СССР» көрмесі ашылды. Тамыздың 20-сына дейін жалғасатын көрмеге совет мемлекетінің әр кезеңін – революциядан бастап Горбачевтің қайта құру заманына дейінгі аралықты қамтитын плакаттар қойылған. Олар әртүрлі – саяси мазмұндағы, үгіт-насихат құралдары, спортқа арналған және т.б. жанрларға шығарылған. Авторлардың арасынан Кукрыникстер, Дмитрий Моор, Виктор Дени тәрізді плакат жанрының әйгілі классиктерін де кезіктіруге болады.

XS
SM
MD
LG