To get best possible experiance using our website we recommend that you upgrade to a newer version or other web browser. A list of the most popular web browsers can be found below.
Just click on the icons to get to the download page
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы 28 тілде хабар таратады. Бағдарламаларымыздың көбін өзіміз хабар тарататын аймақ елдеріндегі жергілікті радиостанциялар арқылы FM және орта толқында тыңдауға болады. Егер интернет арқылы тыңдау қиынға түсіп жатса, техникалық жәрдем алу туралы нұсқауымызды пайдаланыңыз.
Дөңгелек үстел – Саяси және әлеуметтік саладағы күннің өзекті деген күйіп тұрған тақырыптарын қамту үшін саясаткерлермен, мамандармен, Қазақстаннан тыс жердегі сарапшылармен өткізілетін талқылау, талдау сұхбаты.
Дөңгелек үстел – Саяси және әлеуметтік саладағы күннің өзекті деген күйіп тұрған тақырыптарын қамту үшін саясаткерлермен, мамандармен, Қазақстаннан тыс жердегі сарапшылармен өткізілетін талқылау, талдау сұхбаты
Бұл жолғы Дөңгелек үстел - кез-келген мемлекеттің қарқынды дамуы үшін аса маңызды «әлеуметтік лифт» деп аталатын әлеуметтік институт тақырыбына арналды. Қазақстан президенті Н.Назарбаев білімді жастардың мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, қызмет бабымен жоғарылауына тең жағдай жасалмағанын мойындады. Ал білімді жастардың өздері болса ата-анасының «таныс-тамырлығы», қажетті байланыстары сынды оғаш «әлеуметтік лифтердің» әлдеқайда пәрменді жұмыс істеп жатқанын байқаған.
Осыдан 1 жыл бұрын, 17 мамыр күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаментінде 25 жастағы жігіт өзін-өзі жарып, бұл қазақ тарихындағы тұңғыш террорлық шабуыл болды. Қазақстандағы өткен жылғы тізбекті террорлық шабуылдар осыдан бастау алды. Азаттық Радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ешқандай террорлық қастандық болған жоқ, «Халифат жауынгерлері» деген террорлық ұйым мүлде жоқ, оны қауіпсіздік комитеті Интернетке қолдан жасап шығарды. Келешекте Қазақстанда терроризм пайда болса, ол биліктің діни ұйымдарды жоюға бағытталған террорына қарсы ішкі террор болуы мүмкін, бірақ ұйымдасқан немесе терроршыл ұйымның террорлық шабуылы болмайды, дейді сарапшылар. Сұлтан хан АҚҚҰЛЫ орыс тілінде жүргізген Дөңгелек үстелдің қысқа жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Азаттық радиосының кезекті дөңгелек үстеліне қатысқан тәуелсіз сарапшылар: - Жоғарғы саяси билікке Қазақстанның ұлттық мемлекет болып қалыптасуы ұнамайды, сол себепті де соңғы жылдары шетелдерден қазақ қандастарын елге көшіру үрдісін баяулатып келіп, енді мүлде тоқтатты, - дейді. Олар көші-қон квотасының тоқтатылуын, елде қазақтардың үлес-салмағының 67 пайызға жетуімен және жоғарғы саяси билікке Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуының тиімді көрінуімен тығыз байланыстырады. Сарапшылардың мұндай пікірлер айтуына Қазақстан үкіметінің шетелдерден қазақтарды елге көшіру квотасын өзінің арнайы нұсқауына дейін-ақ тоқтатқаны себеп болып отыр. Үкімет бағдарламасына сәйкес, квота 2011-2014 жылдарға арналған болатын. Көші-қон комитетінің хабарлауынша, үкіметтің 2011 жыл 22 желтоқсандағы қаулысымен шетелдік қазақтарды көшірудің 2011-2014 жылдарға арналған квотасы жыл сайын елге 10 мың қазақ отбасын көшіріп қоныстандыруды қарастыратын. Оған қоса егер Қазақстан президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы жарлығына сәйкес, 2011 жылы Қазақстанда 20 мың қазақ отбасын қабылдап, қоныстандыру көзделген болса, іс жүзінде бұл квота 36,5 процентке ғана орындалып, елге 7 мың 300-дей отбасы немесе 29 мыңдай қазақ қоныстанды.
Бұл жолы Дөңгелек үстелде Қазақстан президентінің жарлығы бойынша, полиция, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, кеден комитеті сынды мекемелердің қызметкерлерін аттестациядан өткізудің себептері мен салдары талқыланды. Пікірталасқа қатысқан сарапшылардың пікірінше, Қазақстан - құқық қорғау жүйесінің қызметкерлері армия жауынгерлерінің санынан екі есе артық - полицейлік мелмекетке айналып барады. Осы жүйе қызметкерлерін азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуынсыз аттестациядан өткізу - оның нәтижесіне күмән келтіреді. Орыс тілінде өтізілген дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.
Қазақстандағы аналар мен сәбилер және балалар өлімінің себептері мен көрсеткіштері - осы жолғы Дөңгелек үстелдің тақырыбы болды. Қазақстан премьер-министрінің сайты мен денсаулық сақтау министрлігі аналар мен сәбилер өлімінің көрсеткіштері күрт төмендегенін хабарлады. Алайда, тәуелсіз сарапшылар аналар мен сәбилер өлімінің шынайы көрсеткіштерін үкімет жасырып отыр деп күдіктенеді. Өйткені, тіпті ресми статистиканың өзіне қарағанда, республикада бойынша 21 мен 34 жастағы әйелдердің өлімі арта түссе де, дәл осы жастағы аналардың өлімі күрт азайған көрінеді. Орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелдің қысқаша жазба мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда кәсіподақтар туралы арнайы заңның болуына қарамастан, жұмысшылардың мүддесін қорғайтын тәуелсіз әрі қуатты кәсіподақтар әлі де жоқ Оның себебі, деп санайды сарапшылар, билік кәсіподақтардың саяси күшке айналуынан қорқады. Ал қуатты әрі тәуелсіз кәсіподақтар ғана Қазақстанның әлеуметтік мемлекетке айналуына кепіл болады. Дөңгелек үстелдің қысқа жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.
Дөңгелек үстелде Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару Институтын енгізу және барлық деңгейдегі әкімдерді тағайындаудан сайлауға көшу мәселесі талқыланды. Бұл мәселелер Қазақстанда сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап 2001 жылғы Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы құрылтайшыларының билік алдына тартқан маңызды талаптарының бірі болды, ақыр аяғында - биылғы 19 наурыздығы қазақ зияларының Алматыдағы форумында қойған талаптарының бірі болды. Алайда, билік ол талаптарды былай қойғанда, жергілікті өзін-өзі басқару туралы Конституцияға өзі енгізген баптарын да орындамай келеді. Оның сыры мен салдары неде? Бұл институтты Қазақстанда қазір енгізу мүмкін бе? Енгізсе, одан не ұтады? Дөңгелек үстелге қатысушылар осы сауалдарға жауап іздеп көрді. Дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио-нұсқасын Азаттықтың Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.
Дөңгелек үстелде Қазақстанның Бас прокуратурасының 28 наурыз күні Алматы қаласында жоспарланған террорлық қастандықтарға тосқауыл қойылғаны, ол қастандықтарды іздеу жарияланған бұрынғы банкир Мұхтар Әбіләзовтің күзетінің бастығы мен жақын үзеңгілесі ұйымдастырғаны туралы мәлімдемесі және оның болуы мүмкін салдары туралы тақырып талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, билік елдегі саяси-қоғамдық ахуалды қасақана ұшықтырып, елдегі оппозицияның ізінше, енді азаматтық қоғам өкілдерін де қуғынға алу, басып-жаншуды көздеп отыр деп санайды. Орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио-нұсқасын Азаттықтың Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.
Бұл жолы дөңгелек үстелде Қазақстан билігінің елдегі кейбір діни ұйымдар мен бірлестіктерді жою мақсатын көздеп отырғаны сөз болды. Пікірталасқа, әдеттегідей, дін істері бойынша агенттіктің өкілдері қатыспады. Ал оған қатысқан сарапшылардың ортақ пікірінше, агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріптің діни топтарға жататын ондаған Интернет-сайттың «экстремизмді насихаттағаны үшін» сот шешімдерімен жабылғаны туралы мәлімдемесінің растығына зор күмән келтірді. Не Жоғарғы соттың, не дін істері бойынша агенттіктің сайттарында діни сайттарды жабу туралы бірде-бір сот шешімі жоқ болып шықты. Сұлтан Хан Аққұлы орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелінің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Бұл жолы дөңгелек үстел - Жаңаөзен қаласындағы мұнайшылардың бейбіт ереуілін қарудың күшімен басқан оқиғаның 100 күндігіне арналды. Ал ресми билік, оның ішінде Бас прокуратура Жаңаөзен қаласындағы қантөгіске қатысты ашық пікірталасқа қатыспады. Пікірталасқа қатысқан сарапшылардың пікірінше, биліктің ашық әңгімеден жалтаруы - 27 наурыз күні Ақтауда басталып, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік бойынша қылмыстық іс қаралатын сот процесінің бейтарап, әділ әрі ашық өтуіне де зор күмән келтіреді. Әріптесім Сұлтан Хан Аққұлы орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелінің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Қазақстандағы адвокаттар неге қылмыстық істерге әлі де болса декароция ретінде ғана қатысады» деп аталады. Пікірталасқа қатысқан сарапшылар қылмыстық істерге қатысатын адвокатардың заңдарда да көрсетілген тәуелсізідігі, айыптаушымен тең құқылы болуы, сондай-ақ азаматтардың өзі таңдаған адвокатымен қорғану құқы - қайдағы бір ережемен шектеледі дейді.
Қазақстанның бейбіт жиындар, митингілер, ереуілдер, шерулер өткізу туралы қазіргі заңы заманы өтіп әбден тозды. Оған қоса аталған заң Конституция мен халықаралық пактілерге қайшы келеді дейді дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылардың көпшілігі. Олардың пікірінше, билік бейбіт жиындар мен митингілерге тосқауыл қою арқылы елді «Араб көктемі» деп аталып кеткен төңкеріске итермелейді. Ал Қазақстан президентінің кеңесшісі бұл пікірлердің барлығын да теріске шығарады. Орыс тілінде өткізген дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық радиосының интернет сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Бұл жолғы пікірсайыс Қазақстанда осыдан 5 жыл бұрын енгізілген алқабилер сотының өткен кезең ішінде қандай артықшылықтары мен кемшіліктерінің байқалғаны төңірегінде өрбиді. Дөңгелек үстелге қатысқан заңгер-сарапшылардың кейбірі алқабилер сотын енгізу «үлкен демократиялық қадам» деп есептесе, екіншілері - қазіргі қолданыстағы құқықтық-сот жүйесі елді құрдымға жетелейді, сол себепті оған қазақтың ежелгі билер сотының элементтерін қосу керек деп санайды. Дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Қазақстандағы арнайы қауіпсіздік қызметтерінің құзыры кеңейтілді, бірақ олардың іс-қимылына азаматтық бақылау орнатылмады» деп аталады. Оған қатысқан сарапшылардың бірі Қазақстанның қауіпсіздік қызметтері туралы жаңа заңында олардың құзыры мен қызмет өрісі кеңейтілді, бірақ қауіпсіздік қызметтеріне парламенттік немесе азаматтық қоғам ұйымдары тарапынан бақылау орнату туралы ештеңе айтылмаған дейді. Өзге сарапшылар болса, жаңа заңның оң жақтары да бар: біріншіден заң парламентте қабылданып, екіншіден - тұңғыш рет баспасөзде жарияланғанын айтады. Әріптесім Сұлтан Хан Аққұлы өткізген дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен толық аудио нұсқасын Азаттық Радиосының Интернет-сайтынан оқып, тыңдай аласыз.
Азаттық радиосынан дөңгелек үстел талқылауын тыңдаңыздар.Бұл жолғы пікірталастың тақырыбы «Ана мен баланы қорғау: Заң - жақсы, көмек - жарытымсыз» деп аталады. Дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылардың бірі «Қазақстан заңдары «Ана мен баланы қорғау туралы» халықаралық конвенцияға сәйкес келеді, бірақ баланың көбеюіне заң кепілдік бола алмайды» дейді. Әлия есімді ана екі баласымен жесір қалған. Қазір ол асыраушысынан айырылығанына байланысты кәмелетке толмаған екі баласына мемлекеттен 19 мың теңгедей жәрдемақы алады. Әр балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 9 мың теңгеден сәл ғана асады. Әлияның айтуынша, «бұл - мүлдем жартымсыз көмек». Жалғызбасты аналар арнайы жәрдемақыны бала бір жасқа толғанға дейін ғана алады. Әлияның пікірінше, бұл - әділетсіз. Оның ойынша, жалғызбасты аналардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайына қарамастан балаларға төленетін әлеуметтік жәрдемақының көлемі ұлғайтылуы тиіс. Дөңгелек үстелдің толық аудио-нұсқасы мен қысқаша жазбаша мәтінін Азаттық радиосының Интернет-сайтынан тыңдап, оқуға болады.
Қазақстан билігі азаматтарды тұрған жерінде тіркелуге міндеттейтін Әкімшілілік кодекске оны қатаңдатқан өзгертулер енгізсе де, ол туралы халыққа хабарлауға асықпаған болып шықты. Соның салдарынан, тіркелген жерінде тұрмаған немесе жұмыс істемеген 100 мыңдаған азаматқа ақшалай айыппұл салыныпты. Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан сарапшылар азаматтарды тіркеу ережесін қатаңдатқан билік араб елдері мен жаңаөзендегі халық толқуының қайталануын қатты қорқады дейді. Әріптесім Сұлтан Хан Аққұлы орыс тілінде өткізген осы дөңгелек үстелдің қысқа жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттықтың интернет сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Қазақстанда жаңа 2012 жылғы парламент сайлауында ресми билік және билікке жақын партиялар бұл жолғы сайлау науқаны барысында интеллигенцияны депутаттыққа үміткер ретінде партия тізімдеріне кіргізіп, үгіт-насихат науқанында белсенді пайдаланды. Алайда, олардың бірін де депутаттыққа жібермей қойды. Пікірталасқа қатысқан жазушы Дулат Исабеков: «Бүгінгі қазақ интеллигенті кімге ерерін, кімді тыңдарын білмей адасты: билік пен партияларға да сенбейді», - дейді. «Әй, сен зиялы болсаң, арың таза болса, қайта сен билікке де, оппозицияға да, халыққа да жол көрсетуің керек, - дейді оған қарсы Сейдахмет Құттықадам. Енді осы дөңгелек үстелдің қысқа жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттықтың интернет сайтынан оқып тыңдай аласыз.
Қазақстан билігі азаматтарды тұрған жерінде тіркелуге міндеттейтін Әкімшілілік кодекске оны қатаңдатқан өзгертулер енгізсе де, ол туралы халыққа хабарлауға асықпаған болып шықты. Соның салдарынан, тіркелген жерінде тұрмаған немесе жұмыс істемеген 100 мыңдаған азаматқа ақшалай айыппұл салыныпты. Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне қатысқан сарапшылар азаматтарды тіркеу ережесін қатаңдатқан билік араб елдері мен жаңаөзендегі халық толқуының қайталануын қатты қорқады дейді.
Орыс тілінде өткізілген дөңгелек үстелде «Оралмандар тарихи отанында әлеуметтік орнықтырудың орнына әлеуметтік шеттетуге тап болды ма?» деген тақырып талқыланды. Оған қатысқан сарапшылар: «Жаңаөзен қасыретін билік бүкіл елдің проблемасы ретінде қарастыруға тиіс, басқаша жағдайда Жаңаөзен - бүкіл елдің проблемасына айналуы мүмкін; бар айыпты оралмандарға таға салу - ештеңені шешпейді; премьер-министр Кәрім Мәсімов «Твиттер» желісінде отырмай, Маңғыстауға жетіп баруға тиіс, ал президент - Жаңаөзенге одан да бұрын баруға тиіс еді дейді. Дөңгелек үстелдің қысқаша жазбаша мәтіні мен аудио нұсқасын Азаттықтың интерннет-сайтынан оқып тыңдауға болады.
Азаттық Радиосының бағдарламасын енді дөңгелек үстел маслихатымен сабақтаймыз. Қазақстан билігі Жаңаөзендегі қанды оқиғаны қайсыбір «сыртқы немесе үшінші күштер» ұйымдастырды деп мәлімдейді. Ресей мен Қазақстан сарапшылары «сырттан жау іздеу - ТМД елдерінің барлығына тән генетикалық ауру» дейді. Ресей баспасөзінің қан төгілген Жаңазенге келіп, Ақордаға жақпайтын хабар беруін ресейлік журналистер бұл әрекеттерінде ешқандай арам мақсат-пиғыл болған жоқ, бұл өздерінің кәсіби жұмысы екенін айтады. Ал қазақ сарапшысы болса, шетелдік, оның ішінде ресейлік баспасөздің Жаңаөзеннен хабар бергені үшін оларға үлкен алғыс айтады. Өйткені, деп есептейді қазақ сарапшысы, ресми билік пен оған бағышыты баспасөз Жаңаөзен оқиғасын бұрмалап сипаттады. Ал Ресей билігі Жаңаөзен оқиғасы туралы тіпті ауыз ашпай отыр. Оның сыры неде? Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ орыс тілінде өткізген Дөңгелек үстелінің жазбаша және аудио нұсқасын Азаттық Радиосының интернет-сайтынан оқып тыңдауға болады.