Қазақстан үкіметі Қытайда түрлі жаламен саяси қуғын көріп, түрмеге түсіп жатқан қазақтарға араша сұрауы керек, дейді журналист Жақсылық Қазымұратұлы. Азаттыққа сұхбатында ол Пекиннің саясаты Шыңжаң қазақтарының ана тілі мен болашағына қатер төндіріп, қазақ зиялыларына қысымды күшейткенін айтады.