Accessibility links

Армения премьері қызметінен кетті


Армения премьер-министрі Тигран Саркисян үкімет отырысында. Ереван, 3 сәуір 2014 жыл.
Армения премьер-министрі Тигран Саркисян үкімет отырысында. Ереван, 3 сәуір 2014 жыл.
Армения премьер-министрі Тигран Саркисян отставкаға кетті. Осы аптада конституциялық сот үкіметтің басым бағыттарының бірі болған зейнеткерлік реформасын елдің негізгі заңына қайшы деп тауып, оған түзетулер енгізу керек екенін айтқан.

Саркисян қызметтен кететіні туралы шешімін биліктегі республикалық партияның отырысында жария етті. Партия өкілі Эдуард Шармазанов премьердің отставкасы қабылданғанын мәлімдеді.

Биыл қаңтарда зейнеткерлік реформасы туралы заң қолданысқа енген соң бірнеше күннен кейін конституциялық сот оның күшін тоқтатқан еді. Ереванда мыңдаған адам жаңа заңда айтылған шараларды жүзеге асыруға қарсылық білдірді. Наразылар бұл заң жұмысшылардың лайықты зейнетақы алуына кепілдік бермейтінін айтқан.

2008 жылдан бері Армения үкіметін басқарған Саркисянның орнына кімнің тағайындалатыны алдағы 10 күн ішінде белгілі болмақ.
XS
SM
MD
LG