Accessibility links

Египетте Мүбәрак пен оның екі ұлына үкім шықты


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак.
Каир соты 21 мамырда Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракты "мемлекет қаржысын жымқырды" деп айыптап, үш жылға соттады.

Сот бұрынғы президентпен бірге оның екі ұлы - Гамаль және Алааны да "мемлекет қаржысын жымқырды" деп айыптап, әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот "Хосни Мүбәрак пен оның екі ұлы президент сарайын жөндеу жұмыстарына бөлінген 17,6 миллион АҚШ долларын жымқырды" дейді.

86 жастағы Хосни Мүбәрак "билікті асыра пайдаланды", "2011 жылы өзін биліктен кетірген халық толқулары кезінде шерушілерді қырғынға ұшыратуға сөз байласты" деген айыптар бойынша тағы бір іспен сотқа тартылып жатыр.
XS
SM
MD
LG