Accessibility links

Башар Асадтың ант беруі рәсімі өтті


Сирия президенті Башар Асад ант беріп тұр. Дамаск, 16 шілде 2014 жыл.
Сирия президенті Башар Асад ант беріп тұр. Дамаск, 16 шілде 2014 жыл.

Сирия президенті қызметіне кезекті рет сайланған Башар Асадтың ант беру рәсімі сәрсенбі күні ел астанасы Дамаск қаласында өтті.

Биыл маусым айында өткен сайлаудың ресми нәтижесі бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 88 пайызының қолдауына ие болған Асад үшінші мәрте жеті жыл мерзімге президент болып сайланған еді.

Бірақ Сирияда ұрыс жүріп жатқан аудандар мен оппозиция күштері немесе исламшыл радикалдар бақылауындағы аймақтарда сайлау өткен жоқ. Оппозиция өкілдері бұл сайлауды «масқара» деп атап, оған бойкот жариялаған еді. Батыс мемлекеттері азаматтық соғыс жүріп жатқан елде сайлау өткізу мәнсіз екенін мәлімдеген.

Сирияда билік пен оған қарсы күштер арасында қарулы жанжал жүріп жатқанына төртінші жыл. Осы уақыттың ішінде елде 170 мыңнан аса адам қаза тауып, халықтың үштен біріне жуығы тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған дейді құқыққорғаушылар.

XS
SM
MD
LG