Грузия премьері қызметінен алынды
27.10.2008
Хабарларға қарағанда, Грузия президенті Михаил Саакашвили премьер-министр Ладо Гургенидзені қызметінен босатты. Батыс ақпарат агенттіктерінің айтуынша, Саакашвили жаңа премьер-министрдің лауазымына Грузияның Түркиядағы елшісі Гега Мгалоблишвилиді ұсынған.