НАТО: Ресей күштері Молдовадан шығарылуы тиіс
30.10.2008
НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Ресейді Молдовадан әскери күштері мен қару-жарақтарын шығару жөніндегі уәдесін орындауға шақырды. Кишиневке сапармен барған Схеффер Ресейдің 1999 жылы Стамбулда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитінде айтқан уәдесін келтірді. Сол кезде Ресей Молдованың жікшіл Днестр маңы аймағынан әскери күштерімізді шығарамыз деп мәлімдеген болатын.