Ресей Грузияның қарулануына алаңдаулы
18.11.2008
Ресей Қорғаныс министрі Анатолий Сердюков Тбилисидің әскерін нығайтуға ұмтылысы тамыздағы ахуалдан да қиын нәтижеге алып баруы мүмкін деді. Алайда ол нәтижелер жөнінде нақтылай айтқан жоқ. Министр бұл мәлімдемесін Анкарада сейсенбі күні сөйлеген сөзінде жасады.