Ялтада ТМД ресмилерінің кездесуі өтті
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің премьер-министрлері жұма күні Ялтада кездесті.
Жиында сауда мәселелері мен экономикалық дағдарыспен күресте бірлесіп шара қолдану мүмкіндігі талқылануы тиіс болатын.
ТМД-ға бұрынғы Совет одағының 11 мемлекеті мүше. Грузия өткен жылы Ресеймен арадағы соғыстан кейін бұл ұйымнан шыққан болатын.