Accessibility links

Қарағандыда коммунистік партия белсенділері ұсталды


Қарағандыда бүгін таңертең Ленин ескерткішінің бұзылуына қарсы шыққан Коммунистік және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының белсенділері ұсталды.

Бір топ коммунист "Лениннен қолыңды тарт" деп ұрандатып, ескерткіштің маңында бояумен "тарихты өшірмеңдер" деп жазды.

Полиция оларды ұстап, түсініктеме алғаннан кейін жіберген.

Бүгін түстен кейін жергілікті биліктің шешімімен қаланың ортасындағы 1975 жылы қойылған Ленин ескерткіші орнынан алынуы тиіс. Ескерткіш қала шетіндегі саябаққа қойылады.
XS
SM
MD
LG