Accessibility links

Сенатор Қасымов: Жоғарғы сот басшысы қызметінен кетуі тиіс


Сенатор Ғани Қасымовтың пікірінше, Қазақстанның Жоғарғы сот төрағасы өзіне бағынышты адамдардың коррупциялық құқық бұзушылығы үшін жауап беруі тиіс.

"Жемқорлық қылмысы жасалған жүйенің бірінші жетекшілері отставкаға кетуі тиіс. Осылай деп мемлекет басшысы айтады. Мен оны қолдаймын", - деді Қасымов.

Бейсенбі күні парламенттің жоғарғы палатасы - Сенат президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Жоғарғы соттың алты судьясын қызметінен босатты. Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Мусиннің мәлімдеуінше, елдің қаржы полициясы әлгі судьяларға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG