Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 01:22


ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңаөзен бойынша полицейлердің соты 27 сәуірде басталады

Мәтін көлемі - +
17.04.2012
Жаңаөзен оқиғасында тұрғындарға оқ ату кезінде "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деп іс қозғалған төрт полицейге қатысты сот процесі 27 сәуірде Ақтау қаласында басталады деп хабарлады "Тенгриньюс" агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, сот қаладағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында өтеді. Істі Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділ Сұлтани жүргізбек.

Бас прокурор Асхат Дауылбаев 25 қаңтарда 2001 жылы 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасында "қару-жарақ пен арнайы құралдарды адам өліміне әкеп соқтыратындай лайықсыз қолданғаны" үшін төрт полицейге айып тағылғанын хабарлаған болатын.

Олар - Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Утегалиев, облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бағдабаев, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бақытқалиұлы, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жедел уәкілі Жолдыбаев болды.

Күнтізбе

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?