Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 15:04


ЖАҢАЛЫҚТАР

Каирде жағдай тұрақтанды

Каирдегі тәртіпсіздік. 2 мамыр 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +
05.05.2012
Каирдегі кешегі шеруден кейін қаланың Аббасия ауданына әскер кіргізіліп, жексенбінің таңына дейін коменданттық сағат жарияланды. 

Жұма күні қалада Египет қорғаныс министрлігі маңында болған қақтығыстан бір полицей қаза тауып, 370-тей адам жараланған еді. 170 адам тұтқындалған.

Халықаралық журналистерді қорғау комитетінің дерегіне қарағанда, кешегі оқиға барысында 18 журналист тұтқындалып, сабалған.

Исламшылар бастаған шерушілер Жоғары әскери кеңестің билікті тезірек азаматтық үкіметке өткізіп беруін талап етті.

Египетте 23-24 мамырда Хосни Мүбәрәк билігі құлағаннан бергі алғашқы президент сайлауы өтеді. Әскерилер содан кейін билікті жаңадан сайланған президентке өткізіп беруге уәде еткен.

Күнтізбе

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?