Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 07:11


ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауғанстанда жарылыстан 4 адам көз жұмды

Жарылыс болған жердің орны. Герат, Ауғанстан, 15 тамыз 2012 ж.

Мәтін көлемі - +
18.08.2012
Бүгін таңертең Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында базарда болған жарылыстан төрт адам қаза тауып, он екі адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында полицияның 3 қызметкері бар деп хабарлайды Ассошейтед пресс агенттігі.

Жергілікті билік орындарының айтуынша, жарылыс Шиндад ауданында болған. Жарылғыш зат базар аумағында орналасқан дүкен маңына қойылған.

БҰҰ-ның баяндамасында биылғы жылдың алғашқы жартысында Ауғанстанда 1145 бейбіт тұрғын мерт болып, 1954 адамның жараланғаны айтылған.

Күнтізбе

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?