Accessibility links

Беларусь соты оппозиционерді жазадан босатты


Беларусь президенттігіне экс-кандидат Владимир Некляев өзі туралы сот шешімін оқып тұр. Минск, 25 шілде 2013 жыл.
Беларусь президенттігіне экс-кандидат Владимир Некляев өзі туралы сот шешімін оқып тұр. Минск, 25 шілде 2013 жыл.
Беларусь президенттігіне экс-кандидат Владимир Некляев өзін жазадан босату туралы Минскінің Ленин аудандық сотының 24 шілдеде шығарған шешімін Некляев бейсенбі күні судья Ольга Коцурдың кабинетіне келгенде бір-ақ білген.

"Олар менің сыртымнан сот өткізіп, шешім шығарып қойыпты" деген Некляев судьяның кабинетінен шыққан соң журналистерге.

2011 жылы мамырда Минскінің Фрунзе аудандық соты Некляевті екі жылға бас бостандығынан айырып, жаза өтеуді екі жылға кейінге шегеру туралы үкім шығарған еді. Оған Беларусь президенті сайлауы өткен 2010 жылы 19 желтоқсанда Минскінің орталығында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған деген айып тағылған.

Президент сайлауына дауыс беру қарсаңында қатыгездікпен соққыға жығылған Владимир Некляевті ауруханада жатқан жерінен тұтқынға алған.

Жақында 67 жасқа толатын ақын Владимир Некляев өзіне қарсы өткен сотта: "егер билік оппозиция өкілдеріне қарсы сот процестері саяси іс екенін мойындаса, мен де кінәлі екенімді мойындаймын" деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG