Accessibility links

СІМ: "Сирияда 19 қазақстандық қалды"


Дамаск қаласының көрінісі. 28 тамыз 2013 жыл
Дамаск қаласының көрінісі. 28 тамыз 2013 жыл
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 29 тамыз күні азаматтарын Сириядағы оқиғаларға байланысты эвакуациялау туралы хабарлама таратты. Министрлік 2012 жылғы есеп бойынша Сирияда 220-дан астам қазақстандықтың есепте тұрғанын хабарлады.

Мәлімдемеде: "Сирия ішіндегі жағдай күрделене бастаған кезде біздің тарапымыздан ҚР азаматтарына көмек көрсетуге қажетті барлық шаралар қабылданды. Сирия аумағынан шығамыз деген барлық азаматтарымыз уақыты эвакуацияланды" деп жазылған.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазір Сирияда консулдық есепке алынған 19 Қазақстан азаматы қалып отыр. Олардың ешқайсысы дипломатиялық өкілдікке эвакуациялау туралы өтініш білдірмеген.

2011 жылы Сирия президенті Башар Асадтың әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсы шыққан Деръа, Хомс пен Алеппо сияқты аймақ тұрғындарының наразылық акциялары қарулы қақтығысқа ұласқан еді. Содан бері үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында жүріп жатқан ұрыста мыңдаған әскер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты.
XS
SM
MD
LG