Accessibility links

Сталинге қайта қойған ескерткішті бүлдіріп кетті


Иосиф Сталиннің құлатылған ескерткіші. Гори, Грузия
Иосиф Сталиннің құлатылған ескерткіші. Гори, Грузия
Грузияда СССР басшысы Иосиф Сталинге орнатылған ескерткішті ашылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң бүлдіріп кетті. Белгісіз адамдар Телави қаласында Сталинге орнатылған биіктігі екі метрге жететін ескерткішке түнде сарғыш түсті бояу төгіп кеткен.

Ескерткішті 1 қыркүйекте жергілікті Сталин қоғамы екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументтің жанына орнатқан еді.

Биыл желтоқсанда Сталиннің туғанына 134 жыл толуына орай оның туған қаласы Гориде президент Михаил Саакашвили үкіметі 2010 жылы сүргізіп тастаған ескерткішті қайта ашуды жоспарлап отыр.

Сталиннің Грузиядағы ескерткіштеріне қарсы кампанияны жүргізген президент Саакашвили "Грузияда совет басқыншылығының құрбандарына арналған мұражай мен ол басқыншылықты жүргізгендердің ескерткіші қатар тұра алмайды" деген еді.
XS
SM
MD
LG