Accessibility links

Пәкістанда зілзала құрбандары 230-ға жетті


Пәкістандағы жер сілкінісінен қираған үй. Белуджистан провинциясы, 25 қыркүйек 2013 жыл
Пәкістандағы жер сілкінісінен қираған үй. Белуджистан провинциясы, 25 қыркүйек 2013 жыл
Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында болған күшті жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230-ға жетті. Жүздеген адам жараланған. Әскерилер апат болған аймаққа көмек жеткізіп жатыр.

24 қыркүйекте провинцияның орталық Аваран және Хуздар аудандарында магнитудасы 7,8 балды құрайтын жер сілкінісі болған еді. Зілзаладан аудандардағы жүздеген үйлер қирап, байланыс нысандары зақымданған.

Зілзала дүмпуі провинциядан 250 километр жердегі Карачи қаласында, тіпті Дели мен Дубайда да сезілген. Пәкістан үкіметі куәгерлердің «жер сілкінісі әсерінен Араб теңізіндегі Гвадар порты маңында шағын арал пайда болды» деген ақпараттарын тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG