Accessibility links

Көкшетауда кранға шыққан әйел жерге түсті


Кран. Көрнекі сурет.
Кран. Көрнекі сурет.
Көкшетауда сот шешіміне наразылық танытып, құрылыс кранының басына шығып алған Сұлушаш Жәкенова жерге түсті деп хабарлады Азаттық тілшісіне Ақмола облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметі.

Сұлушаш Жәкенова бұрынғы күйеуіне қатысты шыққан сот шешіміне наразылық танытып, 29 қыркүйекте құрылыс кранының басына шыққан еді. Облыстық ІІД баспасөз қызметкерінің айтуынша, ол краннан 2 қазан күні кешке қарай түскен.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігінің хабарлауынша, туысы "Жәкенованың краннан өзі түскенін" айтқан.

Наразы әйел кран басында төрт күн отырды.
XS
SM
MD
LG