Accessibility links

Первез Мушарраф үйқамақтан босады


Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф. Дубай, БАӘ, 23 наурыз 2013 жыл.
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф. Дубай, БАӘ, 23 наурыз 2013 жыл.
Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф тиісті кепіл төленген соң үйқамақтан босатылған.

Пәкістан түрме мекемесі өкілі Ваджад Әлидің Associated Press агенттігіне Первез Мушаррафты Исламабадтағы үйінде бақылауда ұстаған түрме қызметкерлері сәрсенбінің кешінде ол жерден кеткенін айтқан.

«Енді Мушарраф Пәкістанда еркін жүріп-тұра алады, бірақ биліктің рұқсатынсыз елден шығуына болмайды» деп мәлімдеген Әли.

Мушаррафты үйқамақтан кепілге босату туралы шешім дүйсенбі күні қабылданған. Сот Мушаррафқа қарсы қозғалған төрт қылмыстық іс бойынша оны кепілге шығаруды ұйғарды. Оған тағылған айыптардың арасында Мушарраф президент болып тұрған 2007 жылы Исламабадтағы Қызыл мешітке жасалған рейд кезіндегі дін өкілінің қазасына және сол жылы террорлық шабуыл құрбаны болған бұрынғы премьер-министр Беназир Бхуттоның өліміне қатысты істер бар.

Первез Мушарраф 1999 жылы сол кездегі премьер Наваз Шариф үкіметін төңкеріс арқылы құлатып, билікке келген. Тоғыз жыл бойы осы елдің премьер-министрі, кейіннен президенті болған ол 2008 жылы отставкаға шығып, шетелге кеткен еді. Биыл көктемде парламент сайлауына қатысу үшін отанына қайта оралған Мушарраф түрлі себептермен сайлаудан шеттетіліп, кейін үйқамаққа алынған еді.
XS
SM
MD
LG