Accessibility links

Филиппин босқындары үш миллионға жетті


Дауылдан кейінгі Лейт провинциясы. Филиппин, 13 қараша 2013 жыл.
Дауылдан кейінгі Лейт провинциясы. Филиппин, 13 қараша 2013 жыл.
Филиппиндегі «Хайян» дауылының кесірінен босқынға айналғандардың саны үш миллион адамға жетті. Бұл туралы Филиппиннің табиғи апаттар агенттігі хабарлады.
Босқынға айналған азаматтардың көбі - елдің орталық алты провинциясының тұрғындары. Оның ішінде Лейт провинциясында 356 мың адам эвакуация орталықтарында тұрып жатыр.

Дауылдан бұл елде 3 мың 500-дей адам қаза тапты. 1 мың 186 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
XS
SM
MD
LG