Accessibility links

Ресейде антифашистік акциялар өтеді


Адвокат Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованы еске алу шарасы. Мәскеу, 19 қаңтар 2013 жыл.
Адвокат Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованы еске алу шарасы. Мәскеу, 19 қаңтар 2013 жыл.
Ресейдің Мәскеу, Петербург және басқа да ондаған қаласында, Еуропаның бірнеше елінде 19 қаңтар күні антифашистер шеруі өтеді.

2009 жылы 19 қаңтар күні Мәскеу қаласында адвокат Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурова әсіреұлтшылдар қолынан қаза тапқан еді.

Мәскеуде оларды еске алу шарасы жыл сайын өтеді.

"19 қаңтар комитеті" Мәскеу мэриясына шара өткізетіні туралы өтінішті 10 күн бұрын берген. Марқұмдарды еске алушылар Мәскеудің Новопушкинский алаңынан метроның Кропоткинская станциясына дейін жүріп өтпек. Қайғылы оқиға метро бекетінің қасында болған еді.

Алайда билік ұйымдастырушыларға маршрутты қысқартуды ұсынған. Бұған белсенділер келіспеген. Жұма күні тараптар маршрут мәселесі бойынша мәмілеге келді. Шара өтініште көрсетілген ретпен өтетін болды. Акцияға "Яблоко" партиясы өкілдері қатысатындарын мәлімдеген.

Станислав Маркелов пен Анастасия Бабурованың өліміне Никита Тихонов пен оның азаматтық әйелі Евгения Хасис айыпты деп танылды. 2011 жылы Тихонов өмір бойға бас бостандығынан айырылды, Хасис 18 жыл түрмеге кесілді.
XS
SM
MD
LG