Accessibility links

Астанада ондаған адамды полиция ұстады


"Махаббат" тұрғын үй кешенінің наразылық танытқан тұрғындарын полиция автобусқа тиеп жатыр. Астана, 6 наурыз 2014 жыл.
"Махаббат" тұрғын үй кешенінің наразылық танытқан тұрғындарын полиция автобусқа тиеп жатыр. Астана, 6 наурыз 2014 жыл.
Астанада "Махаббат" тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғынын, оның ішінде оқушы балаларды да наразылық акциясы кезінде полиция ұстап әкетті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Есілдің оң жағалауында орналасқан медиа орталыққа 30 шақты адам барған. Олар сот шешімімен өздерін пәтерлерінен шығарып жатқандарын айтқан.

Наразылық акциясына қатысушылардың айтуынша, тұрғындар проблемаларына журналистердің назарын аударту үшін қазақстандық бірнеше ақпарат құралдарының өкілдіктері орналасқан медиа орталыққа барған. Орталық жанында бірнеше минут бойы тұрған наразылар қолдарына "Үйсіз Отан болмайды", "Халықты баспанасыз қалдырмаңдар" деген жазу жазылған плакат ұстап алған.

Бірнеше минуттан кейін полиция оларды ұстап, екі автобуспен полиция бөлімшесіне алып кетті.

"Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары бұған дейін өздерін тұрып жатқан үйлерінен шығару туралы сот шешімін қайта қарауды талап етіп, бірнеше рет наразылық акциясын өткізген еді. Олар билік органдарына талай рет хат та жазған.

2009 жылы 400-ден астам адам 49 пәтерді жалға алу туралы келісім-шартқа отырып, тұрғын үй кешені иесіне ақша төлеп келген. Алайда қожайын үйді басқа компанияға сатып жіберіп, жаңа қожайын олардан пәтерлерді босатуды талап еткен. Сот тұрғындардың келісім-шарттарын "жарамсыз( деп тауып, оларды пәтерлерінен шығару туралы шешім қабылдаған. Бірақ олар пәтерден шығаруға наразылық танытып, келісім-шарт жасасқан адамдардың үстінен арызданған.
XS
SM
MD
LG