Accessibility links

Жабайы жуа жұлған зейнеткердің айыппұлы азайды


Черемшанка ауылының тұрғыны Светлана Колесникова. Шығыс Қазақстан облысы. (Сурет YK-News.kz порталынан алынды)
Черемшанка ауылының тұрғыны Светлана Колесникова. Шығыс Қазақстан облысы. (Сурет YK-News.kz порталынан алынды)

Шығыс Қазақстан облыстық соты кассациялық алқасы Черемшанка ауылы тұрғыны, жабайы жуа жұлғаны үшін жазықты болған Светлана Колесникованың айыппұлын төрт еседей азайтты. Ол бұған дейін Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлғаны үшін 857 мың теңге (5 мыңдай доллар) төлеуі тиіс болған.

- Кассациялық алқа жабайы жуаны заңсыз жұлғаны үшін оны 200 мың теңге (1100 доллар шамасы) төлеуге кесті, - дейді Колесникованың мүддесін қорғаған құқық қорғаушы Александр Харламов.

Оның айтуынша, зейнеткер Светлана Колесниковаға бұл ақшаны төлеудің өзі оңай емес.

Бір жыл бұрын 58 жастағы Светлана Колесникова жойылып бара жатқан өсімдікті жұлғаны үшін сотқа тартылған. Ол жүріп-тұру еркіндігі шектеліп, 857 мың теңге төлеуі тиіс болған. 2013 жылы қазанда Шығыс Қазақстан облыстық соты кассациялық алқасы оның шағымын орындамай, үкім заңды күшіне енген.

XS
SM
MD
LG