Accessibility links

Ресейдің шығысында әскери жаттығулар басталды


Ресей әскерінің жаттығуы. Волгоград облысы, 3 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей әскерінің жаттығуы. Волгоград облысы, 3 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

19 қыркүйек күні Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі осы елдің шығысында «Восток-2014» аталатын стратегиялық жаттығу басталғанын, оған 100 мың әскери қызметкер қатысатынын» хабарлады .

Бұл ақпаратқа қарағанда, жаттығу Шығыс әскери округіне қарасты құрлықтағы, теңіздегі 20-дан астам әскери сынақ алаңдары мен әуе кеңістігінде қыркүйектің 25-іне дейін өтеді. Жаттығуға мың жарымға жуық танк, 120 ұшақ, 5 мың арнаулы техника мен 70 әскери кеме қатысады. Мұнан өзге, әскери алаңдарға Батыс әскери округінен бірнеше құрамалар әкелінген. Жаттығу кезінде оперативті-тактикалық зымырандар мен қанатты зымырандардан ату тәжірибелері өткізіледі.

Жаттығу Сахалин аралындағы әскери сынақ алаңдарында, Камчатка және Чукотка түбектерінде, Приморьенің оңтүстік бөлігінде, Камчатка мен Приморье аудандарындағы теңіз бетінде өтеді.

Өткен аптада Ресей президенті Шығыс әскери округтің дайындығын күтпеген жерден тексеруді тапсырған.

XS
SM
MD
LG