Accessibility links

Астанада сот шешімімен тағы бір үй сүрілді


Бульдозер Бибіхадиша Әшірбаеваның үйін сүріп жатыр. Астана, 24 қыркүйек 2014 жыл.
Бульдозер Бибіхадиша Әшірбаеваның үйін сүріп жатыр. Астана, 24 қыркүйек 2014 жыл.

Астанада «мемлекет мұқтаждығына қажет» деп танылған тағы бір үй сүрілді. Сот орындаушылары Бибіхадиша Бейсенованың бұрынғы саяжай аумағында тұрған үйінен заттарын шығарып, бульдозермен үйді сүргізді.

Астана қалалық сот актілерін орындау департаменті мүлік бөлімінің бастығы Бауыржан Жұмағұлов бұл үйдің заңды күшіне енген сот шешімі негізінде сүріліп жатқанын айтты.

Сүру кезінде үй иесі Бибіхадиша Бейсенованың орнында болған ұлы Әбдірақым Бейсеннің сөзінше, отбасы үйдің өтемақысына берілетін сомаға разы емес және ол үшін төленетін ақшаны алмаған. Осы үйде соңғы уақытқа дейін былтыр күзде өз үйі сүрілген көпбалалы ана Сандуғаш Серікбаева да тұрып келген.

23 қыркүйекте тағы бір тұрғын Сәрсенгүл Әшірбаеваның да үйі сүрілген еді. Полиция үйді сүруге қарсылық көрсеткен бес әйелді ұстаған. Үйі сүрілетін тұрғындардың мүддесін қорғап жүрген азаматтық белсенді Ольга Рубахованың сөзінше, әйелдердің үстінен «билік өкілінің заңды өкімін орындамау немесе қасақана бағынбау» айыбы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Бұл іс бойынша әлі сот болмаған.

XS
SM
MD
LG