Accessibility links

Ауылдық ҮЕҰ-ны қолдау жобасы нәтижесі жарияланды


"Мүгедек әйелдер қауымдастығы" үкіметтік емес ұйымы мүшелері. (Көрнекі сурет)
"Мүгедек әйелдер қауымдастығы" үкіметтік емес ұйымы мүшелері. (Көрнекі сурет)

Орталық Азияның Еуразия қоры 27 ақпанда Еуропа Одағының (ЕО) Қазақстандағы өкілдігінің қаржылай қолдауымен ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) қолдау көрсетуге арналған жобасының қорытындысын жариялады.

Ұйымның хабарлауынша, 2012 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін - 28 айға созылған жоба Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарын қамтыған.

Орталық Азиядағы Еуразия ұйымы жергілікті ҮЕҰ көрсететін қызмет сапасын арттыру арқасында ауылдық жерлерде халықтың әлсіз топтары есебіндегі 1300-ден астам адамның өмір сүру жағдайы жақсарғанын, ҮЕҰ мен жергілікті билік орындарымен қарым-қатынасы оңала түскенін айтады.

Жоба ауылдық ҮЕҰ-ның ұйымдық әлеуетін күшейту және ұйымдастырушылық деңгейін арттыру арқылы аймақтарда барынша тең хақылы және азаматтық қоғамды дамытуға қолдау көрсету үшін құрылған.

XS
SM
MD
LG