Accessibility links

БАҚ: Ресей Сирияға тағы жойғыш ұшақтар жібермек


Сириядағы Хмеймим әуе базасында тұрған Ресейдің Су-30 жойғыш ұшағы.
Сириядағы Хмеймим әуе базасында тұрған Ресейдің Су-30 жойғыш ұшағы.

Ресей Сирияға тағы 10-12 әскери ұшақ апармақ ойда деп хабарлады қорғаныс министрлігіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған "Коммерсантъ" газеті. Басылым мәліметіне қарағанда, әскери ұшақтар 24 бомбалаушы ұшақтың әрбірі операцияға Су-27 немесе Су-30 жойғыш ұшағының қорғауымен шығатындай есеппен көбейтіледі.

Кеше Рсеей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Сириядағы Ресей әуе базасына С-400 зениттік зымыран кешені апарылатынын хабарлаған. С-400 бірнеше километр биіктікте ұшып бара жатқан нысанды жойып жібере алады.

Түркия ресейлік Су-24 әскери бомбалаушы ұшағын 24 қараша күні Сириямен шекарада атып түсірген. Ұшақтағы екі ұшқыштың бірі қаза тапқан. Ресей билігі Су-24 Сирияның әуе кеңістігінде ұшқан дейді. Ресей президенті Владимир Путин ұшақты атып түсіруді «ту сыртынан соққы жасау» деп атаған.

Ресей Сирияда 30 қыркүйектен бері әскери операция жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG