Accessibility links

Назарбаев Қытайға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 мамырда мемлекеттік сапармен Қытайға барды. Бұл туралы хабарлаған президент баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сапар барысында Назарбаев Шанхайда Қытай президенті Си Цзиньпинмен, қытайлық бірқатар компаниялардың жетекшілерімен кездеспек.

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, 21 мамырға дейін созылатын сапар кезінде жалпы құны 8 миллиард АҚШ доллары болатын екіжақты 15 құжатқа қол қойылу жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 4-саммитіне қатысады. Саммитте тұрақтылық пен аймақтық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG