Accessibility links

Порошенко босқындар "дәлізін" ашуды тапсырды


Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатқан Луганскіні тастап бара жатқан тұрғындар. 2 маусым 2014 жыл.
Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатқан Луганскіні тастап бара жатқан тұрғындар. 2 маусым 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында украин әскерилері ресейшіл сепаратистерге қарсы антитеррорлық операциялар жүргізіп жатқан облыстарда бейбіт тұрғындар құрбан болмас үшін босқындарға арналған "дәліз" ашуды тапсырды.

Украина президентінің сайтында жарияланған хабарламада Порошенконың үкіметке антитеррорлық операциялар жүргізіліп жатқан аймақтардан адамдарды әкету, оларға медициналық қызмет көрсету, тұрғындарды ауыз су, азық-түлікпен қамтамасыз ететін мобильді пунктер ашу жұмыстарын ұйымдастыруға тапсырма бергені айтылады.

Арнайы операция аймағынан Украинаның басқа облыстарына барған тұрғындарды орналастыру жергілікті әкімшіліктерге жүктелген.

Бұған дейін Порошенко елдің шығысындағы қақтығыстарды тоқтату қажеттігін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG