Accessibility links

"Мұсылман бауырлардың" 529 мүшесі өлім жазасына кесілді


"Мұсылман бауырлар" саяси қозғалысының өлім жазасына кесілген мүшелерінің туыстары жылап отыр. Египет, 24 наурыз 2014 жыл.
"Мұсылман бауырлар" саяси қозғалысының өлім жазасына кесілген мүшелерінің туыстары жылап отыр. Египет, 24 наурыз 2014 жыл.
Египетте биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" саяси қозғалысының 529 мүшесі өлім жазасына кесілді.

Айыпталушылардың адвокаты Ахмад әл-Шарифтың сөзінше, ол адамдарға 2013 жылғы тамыздағы қарсылық шарасы кезінде полицейлерге шабуыл жасады және өлтірді деген айыптар да тағылған.

Адвокаттың сөзінше, әу баста сотқа тартылған 545 адамның 16-сы ақталған. Бірнеше рет кейінге қалған бұл істің адвокаттары "айыпталушылардың ақталу мүмкіндігі болмағанын, көбі сырттай сотталғанын" айтады.

Сот шешіміне қарсы шағым беруге болады.
XS
SM
MD
LG