Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 04:38

ЖАҢАЛЫҚТАР

Египет президентінің сайлауында исламшыл үміткер алда келеді

Египет президенттігіне үміткерлердің суреті.

Мәтін көлемі - +
25.05.2012
Египетте 23-24 мамыр күндері өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінің алдын ала нәтижелері бойынша "Мұсылман бауырластығы" исламшыл қозғалысының үміткері Мұхаммед Мурси алда келеді. Санақ нәтижелеріне қарағанда, ол сайлаудың  16-17 маусымға белгіленген екінші кезеңіне шықты.

Египетте президент сайлауы елді 30 жылдан астам уақыт басқарған Хосни Мүбәрәк биліктен кеткен бір жылдан бері алғаш рет болып отыр. Сайлауға елде дауыс беру құқы бар азаматтардың көпшілігі қатысқан.

Екінші кезеңде Мұхаммед Мурсиге Мүбәрәк тұсында соңғы премьер-министр болған Ахмед Шафик, исламшыл Абдел Монейма Әбул Футух пен солшыл күштердің өкілі Хамдин Сабахи бәсекелес болуы мүмкін. Ал Мурси өзімен екінші кезеңде президенттікке Ахмед Шафик таласуы мүмкін екенін айтады.

Күнтізбе

Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл

Назарға көп іліккен