Accessibility links

БҰҰ ИМ-ді қаржыландыруға қарсы қарар қабылдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны. (Көрнекі сурет).
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиыны. (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын қаржыландыруға қарсы қарарды бірауыздан мақұлдады. Қарарды 15 желтоқсанда Мәскеуде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен кейін Мәскеу мен Вашингтон бірлесіп даярлаған.

Құжатта ұйымды қаржыландыруға қарсы бұған дейінгі қабылданған шаралар мен оған жаңадан өзге елдерді жұмылдыруға арналған ұсыныстар бар.

Ақпан айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бірлескен мәлімдеме жасап, ИМ және "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Нусра майданы" тобынан мұнай сатып алатындарға санкция салынатынын ескертіп, мемлекеттерді содырларға кепіл ақша төлемеуге шақырған.

17 желтоқсанда қабылданған қарарда Қауіпсіздік кеңесі бұған дейін қабылданған ИМ-ге қарсы құжаттардың орындалуында кемшілік барына алаңдаушылық білдірген. Қарар мемлекеттерді үш ай сайын санкция енгізу процесі қандай деңгейге жеткені туралы есеп беріп отыруға шақырады.

XS
SM
MD
LG